Боливия, Венесуэла мен Куба Дональд Трамптың Құдсқа қатысты шешіміне реакция білдірді
Боливия президенті мен Венесуэла және Кубаның СІМ-дері АҚШ президентінің Құдсқа қатысты шешімін айыптап, оның Таяу Шығыс аймағында тұрақсыздық тудыратынын айтты.
Боливия президенті Эво Моралес елінің Палестина халқына тілектестігін білдіріп: "АҚШ президенті Дональд Трамптың Құдсты сионистік режимнің астанасы ретінде жариялауға негізделген шешімі халықаралық құқықтарды ашық түрде бұзу саналып, Таяу Шығыс аймағында бұрынғыдан бетер тұрақсыздық тудырады",- деді.
Венесуэлла мен Куба Сыртқы істер министрліктері жеке мәлімдемелерінде Палестина халқына тілектестіктерін білдіріп, Трамптың бұл шешімінің Палестина мен араб және мұсылман халықтарының әлсіреуіне соқтыратынын айтты.
Дональд Трамп сәрсенбі күні кешке аймақтық және әлемдік деңгейдегі ауқымды қарсылықтарға қарамастан, АҚШ-ның Құдсты Израиль режимінің астанасы ретінде мойындайтынын жариялады.