Хошру: АҚШ-тың Құдсқа қатысты әрекеті басқыншылықты заңдастыру саналады
https://itolqyn.com/news/world-i32827
БҰҰ-дағы ИИР-ның тұрақты өкілі Палестинаның басқыншылығын аймақтағы барлық дағдарыстардың түп-тамыры деп атап: "АҚШ президенті Дональд Трамптың Құдсты сионистік режимнің астанасы деп жариялауы басқыншылықты заңдастыруға бағытталған талпыныс саналады",- деп баса айтты.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Жел 09, 2017 16:14 Asia/Almaty
  • Хошру: АҚШ-тың Құдсқа қатысты әрекеті басқыншылықты заңдастыру саналады

БҰҰ-дағы ИИР-ның тұрақты өкілі Палестинаның басқыншылығын аймақтағы барлық дағдарыстардың түп-тамыры деп атап: "АҚШ президенті Дональд Трамптың Құдсты сионистік режимнің астанасы деп жариялауы басқыншылықты заңдастыруға бағытталған талпыныс саналады",- деп баса айтты.

ИРНА-ның мәліметі бойынша, Ғоламали Хошру жұма күні БҰҰ Бас ассамблеясының "Бейбітшілік мәдениеті" атты тақырыпта өткен отырыста Трамптың бұл әрекетін қатаң айыптап, оның халықаралық қарарларды әшкере түрде бұзатынын айтты.

БҰҰ-дағы ИИР-ның тұрақты өкілі Палестина халқының ажырамас құқықтарын, әсіресе Құдс қаласына қатысты құқығын теріске шығаруға бағытталған кез келген талпыныстың тек жағдайдың одан бетер шиеленісуіне соқтыратынын баса айтып: "Халықаралық қауымдастық АҚШ пен сионистік режимді бұл жауапсыз әрі заңсыз әрекеттің қауіпті салдарына жауапты санайды",- деді.

Хошру Трамптың шешімін АҚШ-тың Таяу Шығыстағы бейбітшілік пен тұрақтылыққа қатысты арам әрі екіжүзді саясаттарын көрсететінін айтып: "АҚШ-тың халықаралық құқықтардың негізгі қағидалары мен Палестина халқының құқықтарына көзжұмбайлық танытуы оның сионистік режимді қолдауына  байланысты",- деп мәлімдеді.