Трамптың Құдсқа қатысты қасақана ұстанымының себептері мен салдарлары
Трамптың шараларына әлемдік деңгейде қарсылық білдірілумен бір мезгілде палестиналықтар мен аймақтағы қоғамдық пікірдің АҚШ-тың әрекеттеріне ауқымды наразылықтары әлем халықтарының назарына алынып отыр.
Ауқымды қарсылықтарға қарамастан, АҚШ Президенті Дональд Трамп сәрсенбі күнгі арандатушы әрекетте Құдсты сионистік режимнің астанасы ретінде ресми танып, осы елдің елшілігін Тель-Авивтен Құдсқа көшіру үдерісін бастау туралы шешімін жариялады. АҚШ Конгресі 1995 жылдың қазан айында АҚШ елшілігін Құдсқа көшіру жобасын бекіткен болатын. Алайда АҚШ-тың әртүрлі үкіметтері сол кезден бері Конгрестің бұл қаулысын орындаудан бас тартып келді. Құдс БҰҰ-ның қарарлары тұрғысынан басып алынған жер болып саналады. АҚШ-тың Құдсты басқыншы сионистік режимнің астанасы ретінде ресми тануы халықаралық қарарларды әшкере түрде бұзу болып табылады. Бұл шара отпен ойнау деп сипатталды. Бұл салада Ресейдің Стратегиялық зерттеулер институты басшысының кеңесшісі Елена Сапонина: "АҚШ Президенті Дональд Трамп Құдсты Израильдің астанасы ретінде ресми тануы арқылы отпен ойнап отыр",-деді.
Тура осы кезеңде неліктен осындай оқиғалардың орын алып жатқаны ойландыратын жайт. АҚШ Конгресі елдің елшілігін Тель-Авивтен Бейт ул-Мұқаддасқа көшіру жобасын бекіткеннен 22 жыл өткен соң Дональд Трамп АҚШ елшілігін Құдсқа көшіру туралы сөз қозғап, оны орындауға батылы қайдан жетті? Бұл сұраққа жауап бергенде Трамптың сайлауалды науқаны кезінде сионистерді қуанту үшін берген уәделерінен бөлек, Таяу Шығыс пен ислам әлемінде орын алған халықаралық өзгерістердің осындай шешімді қабылдауға әсер еткенін айту керек. АҚШ-тың ішкі өзгерістері тұрғысынан бұл оқиға Трамп пен оның жақындарының, әсіресе күйеу баласының Ресеймен байланысы жайлы әшкерелеуші ісақпарат құралдарында таралған уақытта орын алды. АҚШ мәселелерін сараптаушылардың көбі Трамқа ел ішінде қысымдардың артқанын, тіпті осындай масқара іске қатысы болуына байланысты оның президент лауазымынан кетуі немесе импичмент жариялану ықтималы жайында айтып жатыр. Осындай жағдайда Трамп тұрғысынан АҚШ елшілігін Тель-Авивтен Құдсқа көшіру жобасының көтерілуі ақпараттық бомба болды. Ол АҚШ-тың іші мен сыртындағы қоғамдық пікірді "рус гейт" деп аталатын Трамптың масқара ісінен оңай бұрмалай алады. Басқа жағынан Трамп осы ісімен сионист христиандардың қолдауына ие болып отырған Республикашылдар партиясының басым бөлігін АҚШ-тағы келесі президенттік сайлауда өзіне жақтастыруды көздеп отыр. Бұл шара Трамптың келесі президенттік сайлауында жеңіске жетуін кепілдендіруші фактор санала алады. Алайда осы арада кейбір араб билеушілердің қиянаты АҚШ Президентінің шешімдерінде ерекше рөл атқарды. Бұл салада саяси орталар АҚШ Президенті Дональд Трамптың өткен мамыр айында эр-Риядқа сапары барысында Сауд Арабиясы басшылары мен басқа араб билеушілермен АҚШ елшілігін Құдсқа көшіру тақырыбына қатысты бейтарап жағдайда қалу туралы келісімге келгеніне тоқталды.
Бұған қарамастан, осы уақытқа дейін Палестина мен Бейт ул-Мұқаддасты сионист басқыншылар мен оларды қолдаушылардың шектен тыс талап етушіліктері алдында ислам әлемінің ажырағысыз бөлігі ретінде сақтап қалған нәрсе араб билеушілерінің, соның ішінде Сауд Арабиясы немесе басқа да сатқын елдердің Палестина халқының армандарына беріктігі болған жоқ. Шын мәнінде Палестина өз халқының қарсыласуының арқасында сақталып отыр. Трамп пен оның кеңесшілер командасы бұл шындықты өте кеш түсінді.