Ресей Францияның Сириядағы жеңістерді өзіне тиесілендіру мақсатындағы талпыныстарын сынады
Ресей СІМ-нің ақпарат хатшысы франциялық әріптесінің Сириядағы ДАИШ-ты жеңудегі Ресейдің рөлін мойындамайтын сөздерін теріске шығарды.
ТАСС агенттігінің Мәскеуден хабарлауы бойынша, Ресей Сыртқы істер министрлігінің ақпарат хатшысы Мария Захарова: "Соңғы күндері Батыс елдеріндегі серіктестер "ДАИШ-ты жеңуде Ресейдің ешқандай қатысы болған жоқ. Олардың өздері мен АҚШ басқарған коалицияның күштері Сириядағы ДАИШ тобының көзінің жойылуына себеп болды" деген уәж айтуда", - деді.
Захарова Facebook әлеуметтік желісіндегі жолдауында батыстықтарға қаратып: "Мырзалар, өздеріңіздің Ирак, Ливия мен Ауғанстандағы жетістіктеріңізді мақтан тұтыңыздар!",- деп жазды.
Франция Сыртқы істер министрі Жан-Ив Ле Дриан Ресейдің ДАИШ-ты жеңудегі рөлін теріске шығарып: "Сирияда ДАИШ-ты жеңіп, оларды елден қуған америкалық колаицияның әскерилері болды",- деген уәж айтты.
Мұның алдында Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров америкалық әскерилердің Сириядағы құзырын заңсыз деп атаған болатын.