Ресей Президенті Трамптың палестиналықтарға қарсы шешіміне қатысты ескерту жасады
Жел 12, 2017 14:54 Asia/Almaty
Ресей Президенті АҚШ Президентінің Құдсты сионистік режимнің астанасы ретінде жариялау шешіміне қатысты тағы ескерту жасады.
ИРНА-ның Кремльдің баспасөз қызметінің мәліметіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Ресей Президенті Владимир Путин Дональд Трамптың Құдс туралы шешімін тұрақсыздық тудырушы фактор деп атап: "АҚШ Президентінің Құдсты Израильдің астанасы ретінде жариялап, елінің елшілігін сол қалаға ауыстыру шешімі Таяу Шығыс мәселелерін шешуге көмектеспеуімен қатар керісінше, бейберкеттіктерге тірейді. Бұл шешім Израиль мен Палестина қайшылықтарын шешу перспективасын жояды",- деді.
Тегтер