Антониу Гутерриш: Сауд Арабиясына атылған зымырандар Иранға тиесілі емес
БҰҰ-ның Бас хатшысы Сауд Арабиясының әуежайына шабуыл жасаған зымырандардың Иранға тиесілі екендігін растамады.
Батыстың бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметтеріне сәйкес, БҰҰ-ның Бас хатшысы Антониу Гутерриш сейсенбі күні аталмыш ұйымның Қауіпсіздік кеңесіне жасырын түрде берген есебінде мамандардың Эр-Риядтың King Khalid әуежайына шабуыл жасаған зымырандардың Иранға тиесілі екенін дәлелдей алмағанын мәлімдеді.
Антониу Гутерриш бұл есепті Қауіпсіздік кеңесіне БҰҰ-ның мамандары 22 шілде мен 4 қарашада Йемен жерінен Сауд Арабиясына атылған зымырандардың қалдықтарын зерттегеннен кейін ұсынды.
Сауд режимі Йеменнің зымырандық күшінің алдында дәрменсіз болған соң Сауд Арабиясына шабуыл жасаған зымырандарды Иранда шығарылған деген уәж айтты.