Антониу Гутерриш: Сауд Арабиясына атылған зымырандар Иранға тиесілі емес
https://itolqyn.com/news/world-i32931-Антониу_Гутерриш_Сауд_Арабиясына_атылған_зымырандар_Иранға_тиесілі_емес
БҰҰ-ның Бас хатшысы Сауд Арабиясының әуежайына шабуыл жасаған зымырандардың Иранға тиесілі екендігін растамады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Жел 12, 2017 21:06 Asia/Almaty
  • Антониу Гутерриш: Сауд Арабиясына атылған зымырандар Иранға тиесілі емес

БҰҰ-ның Бас хатшысы Сауд Арабиясының әуежайына шабуыл жасаған зымырандардың Иранға тиесілі екендігін растамады.

Батыстың бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметтеріне сәйкес, БҰҰ-ның Бас хатшысы Антониу Гутерриш сейсенбі күні аталмыш ұйымның Қауіпсіздік кеңесіне жасырын түрде берген есебінде мамандардың Эр-Риядтың King Khalid әуежайына шабуыл жасаған зымырандардың Иранға тиесілі екенін дәлелдей алмағанын мәлімдеді.

Антониу Гутерриш бұл есепті Қауіпсіздік кеңесіне БҰҰ-ның мамандары 22 шілде мен 4 қарашада Йемен жерінен Сауд Арабиясына атылған зымырандардың қалдықтарын зерттегеннен кейін ұсынды.

Сауд режимі Йеменнің зымырандық күшінің алдында дәрменсіз болған соң Сауд Арабиясына шабуыл жасаған зымырандарды Иранда шығарылған деген уәж айтты.