АҚШ Иранға қарсы теріс үгіт-насихат жұмыстарын бастады
БҰҰ-дағы АҚШ-тың тұрақты өкілі "ирандық зымырандардың сынығы" деп уәжденген бөлшекті көрсетіп, Иранға қарсы теріс үгіт-насихат жұмыстарын бастады.
Никки Хейли бейсенбі күні кешке ИИР Йемен армиясы мен халықтық комитеттеріне қару жіберді деген уәж айтып, Иранды халықаралық келісімдерді бұзушы деп айыптады.
БҰҰ-дағы АҚШ өкілі Вашингтонның Сауд режимінің Йеменге қарсы шабуылдарына жан-жақты қолдау көрсетіп, бұл елдің мазлұм халқын бомбалау үшін миллиардтаған долларға қару сатуына тоқталмай, Иранды аймақтағы тұрақсыздық үшін жауапты деп атады.
БҰҰ баспасөз хатшысының орынбасары Фархад Хақ: "Йемендік күштердің Сауд Арабиясына қарсы атқан зымырандардың Иранда жасалғанын дәлелдейтін ешбір мәлімет жоқ",- деп қуаттады.