Трамптың Құдсқа қатысты шешімінен кейін АҚШ әлемде оқшау қалды
АҚШ-тың БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесінде баяндалған қарарға вето қолдануы наразылықтар мен айыптаулардың жаңа толқынын көтерді.
АҚШ әлем мемлекеттерінен Құдсқа қатысты БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің қарарлары бойынша әрекет етуді талап еткен Мысырдың аталмыш Кеңеске тапсырған, Қауіпсіздік кеңесінің басқа 14 мүшесі оң дауыс берген ұсыныс қарарына вето қолданды. Бұл қарардың жобасында: "Қасиетті Құдс қаласының болмысын, жағдайын немесе құрамын өзгертуге қатысты кез келген шешім мен кез келген әрекет заңсыз. Сол себепті, олардың барлығының күші БҰҰ-ның қарарларына сәйкес жойылуы керек",- деп көрсетілген. Ұсыныс жобасында сондай-ақ, барлық мемлекеттерден Қауіпсіздік кеңесінің №478 қарары негізінде Құдс қаласында елшіліктер мен консулдықтар ашудан бой тартып, Қауіпсіздік кеңесінің қарарларына табанды болып, оларға қайшы келетін ешбір әрекет жасамау талап етілді. Трамптың ойланбаған саясаты мен қасарушылығы АҚШ-ты халықаралық салада одан сайын оқшаулады. АҚШ Президенті Дональд Трамп желтоқсан айының 6 күні Құдсты Израильдің астанасы ретінде таныстырып, АҚШ елшілігін Тель-Авивтен Құдсқа көшіруді бұйырып, АҚШ саясатына қарсы наразылық толқынын көтерді.
БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 14 мүшесінің Мысырдың Құдс туралы жобасына оң дауыс беруі әлемдік қоғамның АҚШ-тың Құдсқа қарсы біржақты әрекеттеріне қарсылығын білдірді. Бұл жоба Трамптың Құдстың жағдайына қатысты ойланбаған шешіміне танытылған қарсылық болды.
Сионистік "Таймс Израиль" газеті бұл туралы: "БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің Құдс туралы қарары сәтсіздікке ұшырағанымен, АҚШ пен Израиль әлемдіктердің алдында жалғыз қалды",- деп жазды.
АҚШ Мысырдың қасиетті Құдстың жағдайы туралы қарарының жобасын қабылдамай, өзінің вето құқығын сионистік режимнің мүддесі үшін 43-ші рет пайдаланды. АҚШ-тағы статистика бойынша, осы күнге дейін бұл мемлекет вето құқығын 80-нен астам рет, оның қырық үшін сионистік режимді қолдау үшін пайдаланды. АҚШ-тың Израильді жан-жақты қолдауы өзінің әлемнен оқшаулануына әкелді. Халықаралық өзгерістер АҚШ-тың әлемдегі құдыреті мен ықпалының төмендегенін көрсетті. Вашингтон өзін "әлемдік үкімет" ретінде көрсетуге талпынған жағдайда әлем билеп-төстеушілікті көздемейтін, халықаралық заңдарды бұзбайтын әділ әрі халықтық жүйені іздеуде. Әлемдік жаңа жағдайларды түсінбеу Трамптың ойланбаған әрекетіне себеп болып, АҚШ-ты Құдсқа қатысты маңызды мәселеге тіреді. Мұндай жағдайда Трамп аймақтың араб басшылары мен басқа бітімгерлерінің көмегімен Құдс мәселесін маңызден кенде етіп көрсетуге талпынуда. Трамп бұл мақсатына палестиналықтар мен ислам әлемінің Құдсқа қатысты талаптарын өзгерту арқылы жетпек. Кейбір үкіметтер АҚШ-тың қастандықтарына қарсы шынайы күреседі деп үміттенуге болмайды. Сондықтан аймақтағы қарсыласу қозғалысының басшылары, атап айтқанда Ливан Хизболласының Бас хатшысы Сейед Хасан Насролла палестиналықтар мен әлемдіктерді АҚШ-тың қатерлі қастандығына қарсы шығуға шақырды. Палестина халқының жаңа интифазасы мен халықтың бұл интифазаны қолдап, АҚШ-тың Палестина мен қасиетті Құдсқа қатысты саясаттарына қарсылық білдіру толқынының артуы АҚШ-тың Палестина мен Құдс туралы теңгерімін бұзып, әлемдегі саясаттарының нәтижеге жетпеуіне себеп болды.