Аймақтық үштікті қалыптастыру – трансаймақтық араласушылықтарды азайтудың жолы
(last modified Thu, 21 Dec 2017 12:40:26 GMT )
Жел 21, 2017 18:40 Asia/Almaty
  • Аймақтық үштікті қалыптастыру – трансаймақтық араласушылықтарды азайтудың жолы

Кеше Баку қаласында Иран, Түркия мен Әзірбайжан республикасының үшжақты отырысы өтті. Бұл отырыс аймақтық әріптестіктердің трансаймақтық ойыншылардың араласуынсыз әлемнің түрлі жеріндегі мәселелерді жақсырақ шеше алатынын көрсетті.

Иран, Түркия мен Әзірбайжан республикасы Сыртқы істер министрлерінің бесінші үшжақты отырысы кеше, сәрсенбі күні әртүрлі саяси‑экономикалық және аймақтық салалардағы әріптестіктерді, әсіресе аймақтың бейбітшілігі мен тұрақтылығына көмектесу жолдарын талқылау мақсатында Бакуде өтті. 

Халықаралық қатынастар теориялары бойынша аймақтық  елдердің саяси‑экономикалық, тіпті әскери әріптестіктері бейбітшіліктің қалыптасуына жеткізіп, сырттан араласусыз-ақ аймақ мемлекеттері бір-бірімен диалог өткізген кезде қауіпсіздікті орнатуға жақсырақ көмектесе алды. Осындай әріптестіктердің ең маңызды мысалы Иран, Ресей Түркияның Сирияны құтқару үшін өткізген үшжақты отырыстары болды. Нәтижесінде ДАИШ толығымен жеңілді. Үшжақты отырыстар 50-ден астам ел халықаралық коалиция қалыбында  шеше алмаған ең маңызды жаһандық мәселені шешті.

Мұхаммад Джавад Зариф кеше Иран, Түркия мен Әзірбайжан республикасы Сыртқы істер министрлерінің Бакудегі үшжақты отырысында: «Бұл үш ел тарихи, мәдени және географиялық байланыстарға ие. Иран, Түркия мен Әзірбайжан республикасы Сыртқы істер министрлерінің  отырысы аймақтық әріптестіктерді арттыру үшін өте пайдалы әрі тиімді тәсіл болып табылады»,-деді. Иран Сыртқы істер министрі Иран, Түркия мен Әзірбайжан республикасының арасындағы ынтымақтастықтың көптеген салаларына тоқталып: «Бұл отырыста әртүрлі тақырыптар, соның ішінде АҚШ Президентінің Құдсты сионистік режимнің астанасы ретінде жариялау шешіміне қарсылық білдіру, үш елдің экономика мен мәдениет салаларындағы ұлттық мүдделерін ілгерілету жолында әріптестік жасау, транзит, энергетика және туризм салаларында әріптесу жөнінде жақсы кеңестер өткізілді»,-деді.

Бұдан бұрын Иран мен Ирактың әріптестіктері Бағдадтың ДАИШ-тың қолына түспеуіне көмектескен болатын. Катар мен Иранның әріптестіктері эр-Рияд көздеген ең маңызды аймақтық текетірестердің бірін шешуге көмектесті. Осыған орай Иран, Түркия мен Әзірбайжан республикасының үшжақты ынтымақтастығы да аймақта көбірек әріптестіктер жасау үшін қолайлы үлгі бола алады. 

Иран, Түркия мен Әзірбайжан республикасы екі маңызды тақырыпта ортақ мүдделерге ие. Бұл тақырыптардың бірі – экономикалық ұқсастық. Үш ел де әлемнің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Иран, Түркия мен Әзірбайжан республикасы Азия мен Еуропаның газға деген қажеттілігін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Олардың әріптестігі қуат көздері нарығындағы тұрақтылықты сақтай алады. Бұл үш елдің ортақ мүдделерінің келесі бірі – қауіпсіздік. Теһран, Анкара мен Баку бір мезгілде аймақта ДАИШ қатерімен бетпе-бет келіп отыр. Бұдан бұрын ДАИШ Әзірбайжан республикасына өз өкілін енгізіп, Кавказ және Орта Азияның қауіпсіздігіне қатер төндірмек болды. Сондықтан ДАИШ-тың Сирияда жеңіліс тапқаннан кейін қайта бас көтеру үшін жаңа жер іздеп жүргенін ескерсек, Бакудың ДАИШ-ты жеңу тәжірибесіне ие Теһран және Мәскеумен әріптестік жасауы бұл аймақтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көмектесе алады.

Сонымен қатар үш ел қауіпсіздік саласындағы әріптестіктерде сырттан араласу мәселесімен бетпе-бет келіп отыр. Әзірбайжан республикасының Тель-Авив және Вашингтонмен әріптестігі Кавказ және Орта Азия аймағының тұрақтылығын бұзатын ойыншылардың ықпалына алаңдаушылықты арттырды.  Осындай  жағдайда Иран, Түркия мен Әзірбайжан республикасының үшжақты әріптестігі қауіпсіздік саласындағы түйткілдерін шешуге көмектесе алады.

Аймақ елдері арасында түйткіл тудыруды өз мүддесіне сай ссанайтын трансаймақтық ойыншылардың ортақ әріптестіктердің жалғасуына кедергі жасайтындығында күмән жоқ. Олар бұдан бұрын эр-Риядты немесе Абу Дабиді арандату арқылы аймақта қайшылық тудыруды көздеп, сол арқылы аймақ ісіне көбірек араласуға тырысты. Осындай жағдайда барлық елдер әріптестікті сақтау үшін қажет ерік-жігер көрсетсе, ұзақ мерзімде аймақта тұрақтылықтың сақталуына көбірек көмектесіп, араласушы елдердің, әсіресе АҚШ, Ұлыбритания мен Францияның аймақ елдеріне азырақ ықпал етуіне себеп бола алады.