Халықаралық қауымдастық Ауғанстанның қиындықтарын шешуге жауапты
(last modified Sat, 23 Dec 2017 09:23:58 GMT )
Жел 23, 2017 15:23 Asia/Almaty
  • Халықаралық қауымдастық Ауғанстанның қиындықтарын шешуге жауапты

ИИР-дың БҰҰ-дағы тұрақты өкілінің орынбасары әрі елшісі лаңкестікпен күресті Ауғанстан ұлттық бірлік үкіметінің негізгі қиындықтарының бірі деп атады.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің Нью-Йорктен хабарлауы бойынша, Исхақ Але Хабиб жұма күні БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің "Ауғанстанның жағдайы" тақырыбында өткен отырысында БҰҰ бас хатшысы баяндамасына сілтеме жасап: "Дәлелдер мен фактілер Ауғанстандағы қауіпсіздік жағдайының алаңдаушылық тудырып, 2001 жылдан бергі қауіпсіздік деңгейінің ең жоғары көрсеткішке жеткенін көрсетіп отыр. Қауіпсіздік мәселесі және лаңкестікпен күрес әлі күнге дейін Ауғанстан ұлттық бірлік үкіметінің негізгі қиындықтарының қатарын құрайды. Халықаралық қауымдастық Ауғанстан үкіметіне осы қиындықтар мен елдің экономикалық қиындықтарын шешуге қолдау көрсетуді жалғастыруға міндетті",- деді.

Але Хабиб Иран мен Ауғанстан арасындағы аймақтық ынтымақтастықтардың жалғасуына тоқталып, Ауғанстанға алғашқы бидай тиелімін Үндістанның әріптестігімен Иранның оңтүстік-шығысындағы Чабахар айлағы арқылы жөнелтуді қолдады.