Ресей 100 елді президенттік сайлауға бақылау жасауға шақырды
(last modified Thu, 28 Dec 2017 15:06:30 GMT )
Жел 28, 2017 21:06 Asia/Almaty
  • Ресей 100 елді президенттік сайлауға бақылау жасауға шақырды

Ресейдің Орталық сайлау комиссиясы әлемдегі 100 елдің өкілін президенттік сайлау үдерісіне бақылау жасау үшін шақырғаны туралы хабарлады.

Ресейдің Орталық сайлау комиссиясының басшысы Элла Памфилова: "Ресейдің Орталық сайлау комиссиясы көптеген халықаралық қауымдастықтар және ұйымдармен әріптестік жасайды. Оларға сайлауға бақылаушыларын жіберу үшін шақыру хаттарын жібереді. Мәскеу Украинадан бақылаушы шақырмайды.  Ресейдің президенттік сайлауын 2018 жылы наурыздың он сегізі күні өткізу жоспарланып отыр",- деді.

Ресейдегі президенттік сайлауалды науқан өткен аптада басталып, қазірге дейін 34 адам, соның ішінде Владимир Путин сайлауға үміткер ретінде тіркелді.

Жүргізілген сауалнама нәтижелеріне сәйкес, алдағы президенттік сайлауда Владимир Путиннің жеңіске жету ықтималдығы өте жоғары.