Санкт-Петербургте болған лаңкестік жарылысты сараптау
Ресейдің Лаңкестікпен күрес ұлттық комитеті бейсенбі күні: "Санкт-Петербург қаласындағы бір дүкенде сәрсенбі күні кешке болған жарылыста қолдан жасалған бомба қолданылған. Бұл жарылыста 13 адам жарақат алды",-деп хабарлады. РФ Президенті Владимир Путин Санкт-Петербургтағы бомба жарылысын лаңкестік оқиға деп атады.
Ресейде президенттік сайлаудың жақындап қалғанын және бұл елде футболдан әлем чемпионатының өткізілетінін ескерсек, Ресейде лаңкестік шабуылдардың ықтималдығы артады. ДАИШ пен ән-Носрат майданы сияқты лаңкестік топтарға мүшелердің айтарлықтай бөлігін Ресей, Орта Азия мен Кавказ азаматтары құрайды. Сирия мен Иракта ДАИШ жеңіліс тауып, басқа лаңкестік топтарға әскери қысымдар артқан соң олардың өз елдеріне қайту үдерісі жылдамдай түсті.
Ресей басшылары, әсіресе Владимир Путин экстремизмнен шыққан лаңкестіктің салдарынан туындайтын қауіп-қатерлерді артып келе жатқан қауіп деп атап, онымен жан-жақты әрі қатаң түрде бірлесе күресу керек деп санайды. Ресейде экстремист топтар мен лаңкестік әрекеттермен күресу үшін әртүрлі шара атқарылды. Олардың ең маңыздысы 2015 жылдың желтоқсан айының соңында Каспий теңізі, Қырым түбегі, Қиыр Шығыс пен елдің солтүстігіндегі жағалаулар маңындағы маңызды аймақтарда лаңкестерге қарсы амалдар орталықтарын құру болды. Ресейдің саяси және қауіпсіздік саласындағы басшыларының көзқарасы бойынша, Ресейге кірер аймақтарда лаңкестік әрекеттер жасалу ықтималдығының қатты артуы осындай орталықтарды құруға себеп болды.
Сонымен қатар 2016 жылдың сәуір айының басында Ресейдің Ұлттық гвардиясы лаңкестік қауіп-қатерлерді анықтау және оларға қатынас көрсету механизмін нығайтып, күшейту мақсатында құрылды. Басқа бір шара Путиннің 2016 жылдың шілде айында лаңкестердің жақтастар мен жаңа күш тарту және өздерінің экстремистік ойларын тарату мақсатында ғаламтор мен виртуалды кеңістікті теріс пайдалануымен күресуге және әлеуметтік желілерді бақылауды күшейтуге бағытталған жаңа заңға қол қоюы болды. Осының барлығына қарамастан, Ресейдің саяси сарапшысы Леонид Ивашовтың айтуынша, Батыс елдерінің лаңкестік топтарды қолдауды доғаруы лаңкестікпен әсерлі түрде күресудің алғышарты болып табылады.
Мәскеу басшылары, соның ішінде Путин талай рет баса айтқан маңызды мәселе Батыстың тәкфирлік лаңкестіктің, әсіресе ДАИШ тәкфирлік лаңкестік тобының қалыптасуында тікелей рөл атқаруы болып отыр. Лаңкестік топтар Батыс елдері мен олардың Сауд Арабиясы сияқты араб одақтастары тарапынан жан-жақты қолдау тауып отырған кезде бұл бүлдіргі құбылысты тамырымен жоюға үміт аз. Ресейдің саяси сарапшысы Иван Ипполитовтың айтуы бойынша, АҚШ-тың соңғы жылдардағы мақсаты терроризм мен экстремизмді өзінің сыртқы саясатын ілгерілетудің құралы ретінде пайдаланып, соның нәтижесінде Таяу Шығыс елдерін әлсіретіп, аймақта лаңкестік пен экстремизмнің дамуына жағдай жасау болды. Бұл мәселені Путин де сан рет баса айтып, соның салдарынан Батыс елдеріне ғана емес, лаңкестік мәселесіне ұрынған басқа да елдерге ауыр қатер төнетінін ескерткен болатын.