Қытайдың контейнер тасушы пойызы Қазақстан мен Түркіменстан арқылы Иранға жол тартты
https://itolqyn.com/news/world-i33455-Қытайдың_контейнер_тасушы_пойызы_Қазақстан_мен_Түркіменстан_арқылы_Иранға_жол_тартты
Қытайдың контейнер тасушы пойызы сенбі күні Қазақстан мен Түркіменстан арқылы Иранға қарай жолға шықты.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Жел 31, 2017 16:50 Asia/Almaty
  • Қытайдың контейнер тасушы пойызы Қазақстан мен Түркіменстан арқылы Иранға жол тартты

Қытайдың контейнер тасушы пойызы сенбі күні Қазақстан мен Түркіменстан арқылы Иранға қарай жолға шықты.

IRNA ақпарат агенттігінің Түркіменстанның ақпарат құралдарына сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Қытайдың Хуннань облысынан жолға шыққан пойыз 14 күннен кейін  Қазақстан мен Түркіменстан темір жолдарынан өтіп, Иранға жетеді деп жоспарлануда.

Бұл темір жол бағдарының ұзындығы – 2297 км. Ол теңіз жолымен салыстырғанда ең қысқа жол саналады.

Осы мәлімет бойынша, контейнер тасушы бұл пойыздың қозғалысы Түркіменстанның бастамасымен тасымал саласындағы көпжақты әріптестікті кеңейту және БҰҰ Бас ассамблеясының қарарын орындау мақсатында жүзеге асырылып отыр. Қарардың жобасын Ашхабад үкіметі тұрақты даму мақсаттарына жету үшін тасымал саласында ынтымақтастықты нығайту мақсатында ұсынған болатын.

 

н.