АҚШ-тың бүкіл аумағы Солтүстік Кореяның ядролық қаруларының нысанасында орналасқан
Солтүстік Кореяның жетекшісі дүйсенбі күні Жаңа жылға орай теледидар арқылы сөйлеген сөзінде АҚШ-тың бүкіл аумағының Солтүстік Кореяның ядролық қаруларының нысанасында орналасқанын қуаттап: "Вашингтон ешқашан Солтүстік Кореяға қарсы соғыс бастай алмайды",-деді.
ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Ким Чен Ын ядролық қарулар пультінің әрдайым оның үстелінің үстінде екенін мәлімдеп, Пхеньянның ядролық оқтұмсықтар мен баллистикалық зымырандарды көп көлемде шығаруды көздеп отырғанын мәлімдеді.
Ким Чен Ын, сондай-ақ, Солтүстік Корея мен Оңтүстік Корея қарым-қатынасының жақсаруы қажеттігін қуаттап, келіссөздер жолының ашық екенін айтты.
Пхеньян басшылары осыдан бұрын Солтүстік Кореяның ядролық қаруларды АҚШ-тың қоқан-лоққыларына байланысты қажет ететінін мәлімдеген болатын.