Zello – лаңкестердің жаңа әлеуметтік желісі
(last modified Sat, 06 Jan 2018 11:48:59 GMT )
Қаң 06, 2018 17:48 Asia/Almaty
  • Zello – лаңкестердің жаңа әлеуметтік желісі

Ресейдің Федералды қауіпсіздік қызметі жұма күні мәлімдеме жариялап: "Леңкестер Zello әлеуметтік желісін жаппай пайдалануды бастады. Бұл әлеуметтік желі біртіндер лаңкестердің байланыстық құрылымында Telegram әлеуметтік желісінің орнын басады",- деді.

ИРНА-ның мәліметі бойынша, Zello виртуалды әлеуметтік желісін Telegram әлеуметтік желісінің негізін қалаған Павел Дуровтың досы Алексей Гаврилов деген адам жасаған.

Ресейдің Федералды қауіпсіздік қызметі бұл мәлімдемесінде лаңкестердің арасында Zello желісін пайдаланудың айтарлықтай өскеніне тоқталып: "Лаңкестік топтар, атап айтқанда ДАИШ дыбыстық файлдар жіберу үшін осы әлеуметтік желіні пайдалануда",- деді.

Осы хабарламаға сәйкес, Zello лаңкестер үшін рацияның қызметін атқарады.

Zello әлеуметтік желісінің негізін қалаушы Ресейдің бұқаралық ақпарат және коммуникация ұйымымен әріптестік жасаудан бас тартқаннан кейін 2017 жылы Ресейде бұл әлеуметтік желіні пайдалануға тыйым салынды.

"Zello"-ның негізін қалаушы Алексей Гаврилов АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында өмір сүреді.

АҚШ, сионистік режим мен Сауд әулеті режимі қолдау көрсететін лаңкестер соңғы жылдары бір-бірімен Telegram әлеуметтік желісі арқылы байланысып, бомба жасау мен лаңкестік шабуыл ұйымдастыру жайлы ақпаратпен алмасып отырған.