АҚШ-тың БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде Иранға атқан жебесі нысанаға тимеді
(last modified Sat, 06 Jan 2018 12:11:13 GMT )
Қаң 06, 2018 18:11 Asia/Almaty
  • АҚШ-тың БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде Иранға атқан жебесі нысанаға тимеді

АҚШ-тың қысымымен жұма күні кешкісін Иранда жуырда орын алған бейберекеттіктерге қатысты БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өткізіліп, ол ешбір нәтижесіз аяқталды.

Иранның ішкі істеріне араласу бойынша қалың іс-құжатқа ие АҚШ-тың БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Никки Хейли бұл отырыстың басында: "Вашингтон Иранда жуырда орын алған бейберекеттіктерді толығымен қолдайды",- деп баса айтты.

Францияның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Франсуа Делатр бұл отырыста Иранның ішкі істеріне араласпауды сұрап: "Иранда жуырда орын алған оқиғалар халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздік үшін ешқандай қатер төндірмейді",- деді.

Ресейдің БҰҰ-дағы елшісі Василий Небензя да отырыста: "Бүгін Қауіпсіздік кеңесінің күн тәртібінде қойылған бағдарламаның бұл ұйымның міндеттерімен ешқандай байланысы жоқ екендігі баршаға мәлім. АҚШ бұл кеңесті әлсіретпеуі тиіс",- деп баса айтты.

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің кезеңдік төрағалығын мойнына алған Қазақстанның өкілі Қайрат Омаров осы отырысты қорытындылап: "Иранда жуырда орын алған бейберекеттіктердің аймақтық және халықаралық қауіпсіздікке ешқандай қатысы жоқ. Бұл мәселені қарастыру Қауіпсіздік кеңесінің уәкілеттігіне жатпайды",- деді.