«The Independent»: Ұлыбритания тақмұрагері Иранға тарихи сапар шегуге дайындалуда
(last modified Tue, 29 Mar 2016 03:59:19 GMT )
Нау 29, 2016 09:59 Asia/Almaty
  • «The Independent»: Ұлыбритания тақмұрагері Иранға тарихи сапар шегуге дайындалуда

«The Independent» газеті Ұлыбритания тақмұрагерінің осы ел королдігінің отбасы мүшелерінің бірінің соңғы 40 жылдан кейін Иранға ресми түрде сапар шегуді жоспарлап жатқанын жазды.

Ағылшын газеті өзінің ғаламтордағы торабында Рашель Бельздің мақаласын жариялады. Онда «Принц Чарльз бұдан бұрын 2004 жылдың қазан айында Бам қаласында орын алған жер сілкінісінен кейін Ұлыбританияның Қызыл Крест Ұйымының төрағасы ретінде Иранға сапар шеккен болатын» деп жазылған.

Білікті дереккөзінің айтуынша, Ұлыбритания СІМ принц Чарльздің биылғы күзде жүзеге асырылуы тиіс сапарын жоспарлау үшін Теһран қайраткерлерімен сұхбаттасады.

Осы сапар өткен жылы Иранға қарсы санкциялардың күші жойылуына себеп болған халықаралық ядролық келісімнің нәтижесінде мүмкіндік табатын болған көрінеді.

Ұлыбритания ханзадасының Иранға сапары екі елдің сауда және экономикалық байланысының артуына себеп болады деп күтілуде.

Принц Чарльздің Clarence House ресми резиденциясының ақпарат өкілі бұл сапардың әзірше расталмағанын мәлімдеді. Алайда білікті бір дереккөзінің мәліметі бойынша Ұлыбритания принці Иранға сапар шегуге зор құлшыныс танытып, дипломат ретінде екі ел қарым- қатынасының кеңеюіне көмектесуге үміт артып отырған сынды.

Ұлыбритания корольдік отбасы мүшелерінің бірінің Иранға соңғы ресми сапарында 1975 жылы, яғни Иран ислам революциясының жеңісі мен Пехлеви билігінің құлауынан төрт жыл бұрын Элизавета патшайым келген болатын.