Дағыстанда жамағат намазының имамына лаңкестік әрекет жасалды
Дагестанның Хасавюрт ауданында белгісіз адамдар оқ атып, жамағат имамын өлтірді.
Бұл оқиға Дағыстанның Хасавюрт ауданындағы Муцал ауылында орын алды. Ауыл мешітінің жамағат имамы Сайгидахмед Магомедовты белгісіз біреулер атып өлтірді.
Дагестан республикасының қауіпсіздік басшыларының бірі шабуыл жасағандардың оқ атқан соң қашып кеткенін мәлімдеді.
Дағыстан республикасы орналасқан Кавказ аймағы өткен бір жылда тынышсыздықтарды бастан өткерді. Бірнеше адамның өлімі мен жаралануына себеп болған шабуылдар жасалды.
Қаңтардың 6 күні Кавказ аймағындағы Кабардина-Балкарияда да бұл республиканың Ішкі Істер Министрлігінің Тергеу басқармасы басшысының мәйіті табылды. Ол басына тиген оқтан жантәсілім еткен. Мәліметтер бойынша бұл қауіпсіздік офицері өз-өзіне қол жұмсаған. Бірақ, тергеу жұмыстары жалғасуда.