Иран Сыртқы істер министрлігі Қытай суларында жоғалып кеткен 30 ирандықтың жағдайын анықтауда
https://itolqyn.com/news/world-i33691-Иран_Сыртқы_істер_министрлігі_Қытай_суларында_жоғалып_кеткен_30_ирандықтың_жағдайын_анықтауда
Иран Сыртқы істер министрлігінің парламенттік, консулдық және шетелдегі ирандықтардың істерімен айналысатын орынбасары бұл органның Қытайдың шығыс жағалауында өртенген мұнай танкері туралы анықтау жұмыстарын жүргізіп жатқанын хабарлады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қаң 07, 2018 19:42 Asia/Almaty
  • Иран Сыртқы істер министрлігі Қытай суларында жоғалып кеткен 30 ирандықтың жағдайын  анықтауда

Иран Сыртқы істер министрлігінің парламенттік, консулдық және шетелдегі ирандықтардың істерімен айналысатын орынбасары бұл органның Қытайдың шығыс жағалауында өртенген мұнай танкері туралы анықтау жұмыстарын жүргізіп жатқанын хабарлады.

Қытайдың шығыс жағалауындағы ирандық танкер мен жүк тасымалдайтын кеменің соғысуы салдарынан 32 адам, соның ішінде ирандық мұнай танкері экипажының 30 адамы жоғалып кетті. 

Иран Сыртқы істер министрлігінің парламенттік, консулдық және шетелдегі ирандықтардың істерімен айналысатын орынбасары Хасан Қашқави Қытайдағы Иранның елшісімен сөйлескенін хабарлап: "Бұл оқиға Шанхайдан 160 миль қашықтықта орын алғандықтан Шанхайдағы ирандық консулдықпен де байланыс орнатылып, оқиғаның себебі туралы сөйлестік. Бейжіңдегі Иран елшілігі мен Шанхайдағы консулдығы оқиға туралы толық мәліметтерге ие болу үшін Қытай басшыларымен сөйлесуде",- деді.

Иран Мұнай министрлігінің баспасөз хатшысы Қытайдың шығыс жағалауындағы екі танкердің соғысуы салдарынан 30 ирандықтың жоғалғанын растап: "Бұл оқиғаның себебі мен өлім-жітім мөлшері әлі анықталған жоқ. Ирандық мұнай танкері Оңтүстік Парс мұнай алаңының сұйық газын Оңтүстік Кореяның компаниясы үшін тасымалдап бара жатқан",- деді.