Ауғанстан АҚШ-тың Пәкістанға шабуыл жасауы мүмкін екендігін ескертті
https://itolqyn.com/news/world-i33707-Ауғанстан_АҚШ_тың_Пәкістанға_шабуыл_жасауы_мүмкін_екендігін_ескертті
Ауғанстан Сыртқы істер министрі АҚШ-тың Пәкістан жерінде орналасқан қауіпсіз лаңкестік орталықтарға шабуыл жасау ықтималдығын ескертті.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қаң 08, 2018 17:30 Asia/Almaty
  • Ауғанстан АҚШ-тың Пәкістанға шабуыл жасауы мүмкін екендігін ескертті

Ауғанстан Сыртқы істер министрі АҚШ-тың Пәкістан жерінде орналасқан қауіпсіз лаңкестік орталықтарға шабуыл жасау ықтималдығын ескертті.

Tasnim ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Ауғанстан СІМ-нің Стратегиялық зерттеулер орталығының басшысы Фаромарз Таманна кеше егер Пәкістан лаңкестікке қолдау көрсетуін жалғастыратын болса, АҚШ Пәкістанның солтүстік-батысында орналасқан қауіпсіз лаңкестік орталықтарға шабуыл жасауы ықтимал екендігін айтып: «Пәкістанның Ауғанстандағы лаңкестік топтарға қолдау көрсетуінің салдарынан АҚШ Пәкістанның солтүстік-батыс бөлігіндегі түрлі тайпалар мекендейтін Хайбер-Пахтунхва облысына шабуыл жасап, елге ауыр экономикалық санкциялар жариялауы мүмкін» ,- деп мәлімдеді.

Ауғанстан СІМ-нің ақпарат хатшысы Себғатолла Ахмади де Ашраф Ғани үкіметінің Пәкістанның қазіргі жағдайды түсініп, лаңкестерге қарсы шара қолданатындығына үміт білдірді.

Кейбір ауған сарапшыларының пікірі бойынша, АҚШ-тың Исламабадтқа қарсы көрсеткен қысқа мерзімді қысымдары Ауғанстанда қауіпсіздікті қамтамасыз етпеуімен қоса, Кабул-Исламабад қатынастарының одан бетер шиеленісе түсуіне себеп болады. Бұл жағдайдың Ауғанстан үшін пайдасы жоқ.