Қауіпсіздік кеңесі "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын қолдады
(last modified Tue, 09 Jan 2018 08:22:46 GMT )
Қаң 09, 2018 14:22 Asia/Almaty
  • Қауіпсіздік кеңесі

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің кезеңдік басшысы Кеңестің "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын қолдайтынын жариялады.

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің кезеңдік басшысы Қайрат Омаров ИРНА ақпарат агенттігіне берген сұхбатта "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын Қауіпсіздік кеңесі үшін маңызды фактор деп атап: "Атом Қуаты Халықаралық Агенттігі осы кезге дейін 9 рет Иранның ядролық келісімге қатысты міндеттемелеріне табанды екенін растады. Біз Иранның бұл келісімге табанды болуын қолдаймыз",- деді.

Бұдан бұрын АҚШ-тың бір топ әскери зейнеткерлері, Конгресс мүшелері мен дипломаттары, соның ішінде АҚШ-ның 52 ұлттық қауіпсіздік эксперті ел Президенті Дональд Трампқа хат жолдап, Иранмен жасалған ядролық келісімді қатерге тіремеуді сұраған болатын.