Қытайдың үшінші сауда пойызы Инче-Борун темір жолы шекарасынан Иранға енді
Қытайдың үшінші сауда пойызы Иран-Түркіменстан-Қазақстан темір жолы арқылы Иранның солтүстігіндегі Гүлстан облысының шығысындағы Инче-Борунға енді.
Иранның солтүстік-шығысындағы Темір Жол ұйымының бас директоры Мохаммад Реза Ғорбани: «Қытайдың сауда пойызы дүйсенбі күні кешке Иранға енді. Кедендік рәсімдеуден соң Горган-Теһран темір жолы арқылы Теһран облысындағы Шаһрияр кеденіне қарай аттанады» деді.
Иран мен Қытай Темір жолының жоғары басшыларының келіссөздеріне сәйкес, бұдан былай Қытайдан шыққан пойыз аптасына бір рет Инче Борун кеденіне келеді.
Қытайдың контейнерлік пойыздары 2700 шақырым қашықтықты Қазақстан мен Түркіменстан елдері арқылы өтіп, Инче Борун шекарасында Иран аумағына енеді. Содан кейін Иранның басқа жерлері мен басқа елдерге жолын жалғастырады.
Сотүстік-шығыс темір жолы Иран темір жолы желісінің маңызды бағыты саналады. Бұл бағыт ТМД елдерінің жүктерін тасымалдау үшін қашықтық тұрғысынан Ирандағы басқа дәліздермен салыстырғанда қысқа әрі арзан.
Бұдан бұрын Қытайдың сауда пойыздары Хоросан Разави облысындағы Серахс шекарасы арқылы Иранға енетін.