Зариф Франция Сыртқы істер министрімен кездесті
Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф бейсенбі күні Брюссельде Франция Сыртқы істер министрі Жан-Ив Ле Дрианмен кездесіп, сұхбаттасты.
Иран және Франция СІМ-лері кездесуде "Ортақ қадам" бағдарламасы мен аймақтық және халықаралық мәселелер жөнінде пікір алмасты. Зариф Еуропа одағының Сыртқы саясат жөніндегі басшысы Федерика Могеринидің шақыруымен Бельгияға сапармен барды.
Зариф сапар барысында бельгиялық, германиялық және ұлыбританиялық әріптестерімен жеке-жеке кездесіп, кеңесу өткізуді жоспарлап отыр. Зарифтің Брюссельдегі кеңесулерінің негізгі өзегін "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы мәселесі мен АҚШ-тың ядролық келісім негізіндегі өз міндеттемелеріне берік болмауы құрайды.
Иран мен "алтылық топ" арасындағы ядролық келісім 2016 жылдың қаңтар айында жүзеге асқан болатын. Алайда АҚШ үкіметі осы топтың бір мүшесі ретінде "Ортақ қадам" бағдарламасын жүзеге асыруда үнемі өз міндеттемелерін орындамай келеді.
АҚШ президенті Дональд Трамп әрдайым "Ортақ қадам" келісімінің басқа тараптарының ұстанымдарына қайшы "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын «ең жаман келісім» деп атап, оны бұзу қажеттігін талап етуде. Бірақ, әлем АҚШ президентінің бұл әрекетіне қарсы.