Ресей Әзірбайжан Республикасын айыптады
(last modified Tue, 29 Mar 2016 10:39:39 GMT )
Нау 29, 2016 16:39 Asia/Almaty
  • Ресей Әзірбайжан Республикасын айыптады

Әзірбайжан Республикасы мен Ресей арасындағы ынтымақтастықты кеңейту мақсатында екіжақты талпыныстардың жасалып жатқанына қарамастан, Мәскеу қайраткерлері Бакуді шекаралық жағдайдың ушығуына себепкер деп санайды.

Ресей Президентінің ақпарат өкілі Дмитрий Песков осы елдің TVS телеарнасына берген сұхбатында Әзірбайжан Республикасының атын атамай, тұспалды түрде жауласушы тараптардың бірінің Қарабах дағдарысын әскери жолмен шешуге дайын әрі күш-қуаты жетеді деген қоқан-лоққысын әзірбайжан мен армян күштерінің түйісу сызықтарында жағдайдың ушығуына себепкер деп санайтынын айтты.

Ресей Президентінің ақпарат өкілі Қарабах қақтығысы бойынша қай тарапты нұсқап отырғанын нақты айтпады. Бұған қарамастан Дмитрий Песков Қарабах қақтығысын шешудің жалғыз жолын Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына қарасты Минск тобының жұмысын жалғастыру деп санап: «Бұл араағайын топ Баку үшін де, Ереван үшін де қолайлы жағдай жасайды»,-деген уәж айтты. Бұл сөздер өткен екі жылға жуық уақыт бойы Баку басшылары, әсіресе бұл елдің Қорғаныс министрі тарапынан Әзірбайжан Республикасының Таулы Қарабах қақтығысын әскери жолмен шешуге дайындығы ұдайы жарияланған жағдайда айтылып отыр. Баку үкіметіне қарсылардың үлкен көлемдегі әскери құрал-жабдықтарды сатып алудың нәтижесіздігі туралы айтқан көптеген сындарынан кейін Ильхам Алиев үкіметінің қайраткерлері Қарабах қақтығысына қатысты жобалар ұсынуға ынталандырылды. Өткен онжылдық ішінде Әзірбайжан Республикасының жылдық әскери бюджеті бұл елдің жалпы бюджетінің үштен бірін құрады. Сол себепті Ресей, Құдсты басып алған сионистік режим мен Украина, Оңтүстік Африка, Оңтүстік Корея мен Түркиядан қару-жарақ сатып алу 2010 жылы Ильхам Алиев үкіметінің күн тәртібіне қойылды. Мұнымен бір мезгілде әзірбайжандық қайраткерлер сатып алынған дамыған қару-жарақтарды назарға ала отырып, Бакудің Әзірбайжан Республикасының басып алынған жерлерін әскери жолмен азат ететін мүмкіндігі бар деп отыр. Әзірбайжандық қайраткерлердің бұл уәждері бұдан бұрынырақ Әзірбайжан Республикасының Президенті аппараты басшысының саяси-әлеуметтік істер жөніндегі орынбасары Әли Хасановтың тілшілердің алдында Баку басшыларының соғыс бола қалған жағдайда Ресейдің араласуына алаңдайтынын білдірген жағдайда айтылып отыр. Шын мәнінде Әли Хасанов 2012 жылы ресми түрде: «Егер Баку Ресейдің Қарабах қақтығысы барысында Арменияны қолдайтынына алаңдамаса, әскери амалдар Ильхам Алиев үкіметінің күн тәртібіне қойылар еді»,-деп жариялаған болатын. Бұған қарамастан, өткен екі жылдың ішінде Баку үкіметінің қайраткерлері Арменияға қарсы әскери қоқан-лоққы жасап келеді.

Сарапшылардың айтуынша, әзірбайжандық қайраткерлердің Арменияға қарсы әскери қоқан-лоққылары мен Әзірбайжан Республикасының басып алынған жерлерін азат ету туралы сөздерін шынайы қабылдамау қажет. Бұл қоқан-лоққылар Арменияға қарсы болғаннан гөрі Әзірбайжан Республикасының қоғамдық пікірін алдауға бағытталған. Ильхам Алиев үкіметінің қайраткерлері осындай қоқан-лоққылар жасау арқылы Ильхам Алиевтің үкіметіне қарсылар мен сыншылардың үнін өшіріп, халықтың басып алынған жерлерді азат ету туралы алаңдаушылықтарын басуға талпынуда.

Осы шындықтарға қарамастан, сарапшылар Ресей Президенті ақпарат өкілінің Таулы Қарабах қақтығысы барысында жауласушы тараптардың бірін кінәлі деп таныстыруы туралы сөздерін бұрын-соңды болмаған жақтасушы ұстаным деп бағалап отыр. Ресей АҚШ және Франциямен бірге Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына қарасты Минск араағайын тобының ортақ басшысы болып табылады. Бұл айыптау Ресейдің Әзірбайжан Республикасына қарсы ұстанымын көрсетеді.