Иран мен Италия құны 5 млрд еуроны құрайтын қаржы келісіміне қол қойды
Иранның «Кен және өнеркәсіп» және «Таяу Шығыс» атты екі банкі бейсенбі күні Италияның Invitalia Global Investment институтымен Ирандағы құрылыс және өндіріс жобаларын қаржыландыру мақсатында 5 млрд еуро көлемінде несие алу туралы келісімге қол қойды.
Келісімге Иранның Қаржы және экономика министрінің орынбасары әрі Инвестиция ұйымының басшысы Мұхаммад Хазаидың Италияның Экономика министрі Пьер Карло Падоанмен Римдегі кездесуі аясында қол қойылды.
Осы мәлімет бойынша, бұл несие Иран мен Италия арасындағы экономикалық әріптестіктер жолын дамытып, екі тараптың қатысуымен инфрақұрылымдық жобаларды орындауға жағдай жасайды.
ИИР бұдан бұрын Үндістан, Қытай, Оңтүстік Корея, Дания, Аустрия және Ресеймен қаржы келісіміне қол қойған болатын.