Трамп Иранға қарсы ядролық санкцияларды күшіне енгізуді кейінге қалдырды
(last modified Sat, 13 Jan 2018 09:56:50 GMT )
Қаң 13, 2018 15:56 Asia/Almaty
  • Трамп Иранға қарсы ядролық санкцияларды күшіне енгізуді кейінге қалдырды

Осы уақытқа дейін АҚШ-тың Иранға қарсы ядролық санкцияларды күшіне енгізуді кейінге қалдыру туралы шешімге екі реті қол қойған АҚШ президенті "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына көңілі толмайтынын мәлімдегенімен, санкцияларды күшіне енгізуді тағы кейінге қалдырды.

ИРНА-ның мәліметі бойынша, Ақ үй жұма күні кешке  Трамптың санкцияларды күшіне енгізуді кейінге қалдыру және "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын растау туралы құжатқа соңғы рет қол қойғанын мәлімдеп: ""Ортақ қадам" мәтініне Иранның зымырандық бағдарламасын бақылауды күшейту туралы АҚШ президентінің өзгертулері енгізілмейтін болса, АҚШ бұл келісімнен шығады",- деді.

АҚШ Қаржы министрлігі Трамптың бұл шешімімен бір мезгілде өзінің дұшпандық әрекетінде Иранның зымырандық бағдарламасына қатысы бар және адам құқықтарын бұзды деген сылтаумен 14 жеке тұлға мен мекемені санкциялар тізіміне енгізді.

АҚШ-тың Иранға қарсы ядролық санкцияларды күшіне енгізуді кейінге қалдыру шарасы "Ортақ қадам" мәтінінде Иранның іс-әрекеттеріне бақылау жасауға өкілетті жалғыз орган ретінде танылған Халықаралық Атом Қуаты Агенттігі қазіргі уақытқа дейін Теһранның ядролық келісімге беріктігін 9 рет растаған жағдайда орын алды.