Африканың 54 елі Трамптың қорлаушы сөзіне қатаң реакция білдірді
(last modified Sat, 13 Jan 2018 10:10:32 GMT )
Қаң 13, 2018 16:10 Asia/Almaty
  • Африканың 54 елі Трамптың қорлаушы сөзіне қатаң реакция білдірді

БҰҰ-дағы африкалық 54 мемлекеттің өкілдері АҚШ президентінің африкалықтарға қатысты кемсітуші әрі қорлаушы сөзін айыптады.

France Press ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, БҰҰ-дағы африкалық 54 мемлекеттің өкілдері жұма күнгі мәлімдемесінде АҚШ президенті Дональд Трамптың Африка елдері мен АҚШ-тағы африкалық азаматтарға қарсы нәсілшіл әрі қорлаушыл сөзін айыптап, Трамптың кешірім сұрап, айтқан сөзінен қайтуды сұрады.

Африка елдерінің өкілдері АҚШ үкіметі мен Трамптың африкалық мигранттар мен "түрлі түстілерге" қарсы нәсілшіл ұстанымдарын жалғастыруына алаңдаушылық білдірді.

Сонымен қатар, Дональд Трамптың жағымсыз сөзіне реакция ретінде АҚШ-тың Гаитидегі елшісі сол елдің СІМ-не түсініктеме беру үшін шақыртылды.

Трамп бейсенбі күні Гаити, Сальвадор мен кейбір африкалық елдерді «кесапат жерлер» деп атаған қорлаушы сөзінде бұл елдерден келетін мигранттарды қабылдауды доғаруды сұрады.