Ресей "Ортақ қадам" келісіміне табандылығын қуаттады
(last modified Sat, 13 Jan 2018 15:12:58 GMT )
Қаң 13, 2018 21:12 Asia/Almaty
  • Ресей

Ресей СІМ-нің орныбасары Мәскеудің де Еуропа одағы сияқты Иранның ядролық келісіміне табандылық танытатынын қуаттады.

"Спутник" агенттігінің мәліметі бойынша, Ресей СІМ-нің орынбасары Сергей Рябков: "Трамптың әрекеті оның халықаралық мәселелер саласындағы келісімді қабылдауына байланысты сауал тудырады. Мәскеу Вашингтонға Иран мен  Солтүстік Кореяға санкция салу саясатының кемшіліктерін бірнеше рет ескерткен болатын" деді.
Ресей СІМ-нің орынбасары Трамптың жұма күнгі "Ортақ қадам" келісімі туралы сөзіне тоқталып: "Мәскеу Вашингтон басшыларының шешімдері мен сөздеріне қатысты теріс көзқарасқа ие. Қазір ең жаман болжамдар шындыққа айналып жатқандай көрінеді. "Ортақ қадам" келісімі түзетілмейді. Мәскеу осы келісімді бұзуға бағытталған кез келген талпынысқа қарсы" деді.

Еуропа Одағы мәлімдеме жариялап, "Ортақ қадам" келісімін толық жүзеге асырудағы өзінің міндеттемелері мен аталмыш келісімнің әсерін баса айтып, осы одақтың мүшелерімен Американың "Ортақ қадам" келісімі мен содан туындайтын салдарларын қарастыратындықтарын мәлімдеді.