АҚШ-тың елшісі Оңтүстік Африка Республикасының СІМ-не шақыртылды
Оңтүстік Африка Республикасының СІМ АҚШ Президентінің Африка елдері, Гаити мен Сальвадорға қатысты нәсілшілдік сипаттағы тұрпайы сөздеріне наразылық білдіріп, Преториядағы АҚШ елшісін шақыртты.
Оңтүстік Африка Республикасының СІМ Преториядағы АҚШ-тың жоғары дәрежелі дипломатын шақыртып, одан Дональд Трамптың нәсілшіл сипаттағы қорлау сөздерін түсіндіруді талап етті. Оңтүстік Африка Республикасының СІМ бұдан бұрын Преториядағы АҚШ-тың елшісі міндетін атқарушысын шақыртып, Дональд Трамптың шовинистік сипаттағы қорлау сөздеріне наразылық білдірген болатын.
Нигерияның СІМ де дүйсенбі күні ел астанасы Абуджадағы АҚШ елшісі Стюарт Симингтонды АҚШ Президенті Дональд Трамптың Африка елдері, Гаити мен Сальвадорға қатысты нәсілшіл сипаттағы қорлау сөздері туралы түсініктеме беруге шақырды.
Соңғы бірнеше күнде Сенегал, Ботсвана мен басқа де бірнеше мемлекет өз елдеріндегі АҚШ-тың елшілерін шақыртты.
Трамп бейсенбі күні сөйлеген сөзінде Африка елдері, Гаити мен Сальвадорға қатысты "кесапат жерлер" деген тұрпайы сөз қолданып, бұл елдерден мигранттарды қабылдауды тоқтатуды талап еткен болатын.
Трамптың қорлаушы сөздеріне қатысты халықтық және дипломатиялық наразылықтар әлі жалғасуда.