АҚШ UNRWA-ға уәде еткен көмектерінің бір бөлігін тоқтатты
https://itolqyn.com/news/world-i33987-АҚШ_unrwa_ға_уәде_еткен_көмектерінің_бір_бөлігін_тоқтатты
АҚШ сейсенбі күні Палестина халқына қарсы дұшпандығының жалғасында БҰҰ-ның палестиналық босқындарға көмек көрсету және жұмыстарды ұйымдастыру жөніндегі таяушығыстық агенттігіне уәде еткен 65 миллион доллар көмегін беруді кейінге қалдырды.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Қаң 17, 2018 16:13 Asia/Almaty
  • АҚШ UNRWA-ға уәде еткен көмектерінің бір бөлігін тоқтатты

АҚШ сейсенбі күні Палестина халқына қарсы дұшпандығының жалғасында БҰҰ-ның палестиналық босқындарға көмек көрсету және жұмыстарды ұйымдастыру жөніндегі таяушығыстық агенттігіне уәде еткен 65 миллион доллар көмегін беруді кейінге қалдырды.

ИРНА-ның мәліметі бойынша, есімін айтудан тартынған америкалық басшылардың бірі осы хабарды жариялап, БҰҰ-ның палестиналық босқындарға көмек көрсету және жұмыстарды ұйымдастыру жөніндегі таяушығыстық агенттігінің жұмысын қайта қарастыру қажет деген уәж айтты. Ол АҚШ Президенті Дональд Трамптың бұл агенттікке тек 60 миллион доллар бөлуге келіскенін мәлім етті.

"Associated Press" бұдан бұрын: "Трамп БҰҰ-ның  палестиналық босқындарға көмек көрсету және жұмысты ұйымдастыру жөніндегі таяушығыстық агенттігіне бөлетін көмегін 125 миллионнан 60 миллионға азайтуды қарастыруда",- деп хабарлаған болатын.

Сионистік режимнің премьер-министрі Бениямин Нетаньяху  жуырда UNRWA жойылуы керек деп мәлімдеме жасаған.