Ресей Еуразия Экономикалық Одағы шеңберінде сандық экономиканы дамыту қажеттігін қуаттады
(last modified Thu, 18 Jan 2018 16:24:06 GMT )
Қаң 18, 2018 22:24 Asia/Almaty
  • Ресей Еуразия Экономикалық Одағы шеңберінде сандық экономиканы дамыту қажеттігін қуаттады

Ресей президенті Еуразия Экономикалық Одағында сандық экономиканы дамытуды сұрады.

Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин бейсенбі күні жарияланған мәлімдемесінде Еуразия Экономикалық Одағына мүше елдердің басшыларына: "Ресей ЕЭО шеңберіндегі сандық экономиканы дамыту ісін жылдамдату қажеттігін баса қуаттап отыр.

Қолданылатын сандық бағдарламаларды тез арада қолданысқа енгізу, халықаралық экономиканы дамыту саласындағы талпыныстарды үйлестіру, сандық сауданың жалпы заңдарын құру және осы одақ шеңберіндегі ақпарат алмасу мен оны сақтаудағы бірегей стандарттарды құру маңызды істердің қатарын құрайды",- деді.