Иран мен Ресей президенттері телефон арқылы сөйлесті
Иран мен Ресей президенттері Сириядағы лаңкестік топтармен толассыз күресуді қуаттады.
ИИР президенті Хасан Рухани дүйсенбі күні Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сұхбаттасуында Теһранның Сирияға қатысты принципті тұрғыларына тоқталып, Ресей мен Иранның пікірлестігі мен бірлестігін Сирияда бейбітшілік пен тыныштық діңгектерін тұрақтандыру үдерісі үшін қажет іс деп атады.
Рухани тек Сирия халқының ғана осы елдің саяси жүйесінің келешегі туралы шешім қабылдауы керектігін қуаттап: «Атысты тоқтатумен орайлас саяси келіссөздер қарқынмен жүргізілуі керек. Атысты тоқтату мен саяси келіссөздердің Сириядағы лаңкестік топтармен толассыз күресу үдерісіне кесірін тигізбеуіне назар аудару қажет» деді.
ИИР президенті жуықтағы әскери оқиғалар мен тарихи Тадмор қаласының азат етілуіне ризалық білдіріп: «Шекараларды бақылауға алу және қару- жарақ пен лаңкестердің Сирияға жеткізілуінің алдын алу, сондай-ақ лаңкестердің қарсыластардың атымен келіссөз жүргізушілердің қатарына қосылуына кедергі келтіру теріске шығаруға болмайтын қажеттілік» деді.
Рухани сондай- ақ Теһран мен Мәскеудің барлық салада кеңейіп келе жатқан байланыстарына сілтеме жасап: «ИИР Ресеймен байланыстарының бұрынғыдан көбірек кеңейтілуін қолдайды» деді.
Ресей президенті де Мәскеу мен Вашингтонның Сирия туралы соңғы кеңесулерін баяндап: «Сирия өзгерістерін бейбіт жолмен шешуге барынша ден қойылып, Мәскеу осы салада Иранмен толық үйлесімділікте әрекет етуде» деді.
Путин қару- жарақ пен лаңкестердің кіргізілуінің алдын алу үшін Сирия шекараларын бұрынғыға қарағанда көбірек бақылауға алу қажеттілігін қуаттап: «Лаңкестерге майдандағы қарсыластардың қатары мен саяси келіссөздерге қосылуға жол бермеу керек» деді.
Ресей президенті сондай-ақ Иранмен байланысты анағұрлым кеңейтуді қуаттап, Мәскеудің осы негізде еш шектеу қоймайтынын мәлімдеді.