Израильдік журналист: Моссад кем дегенде 3000 адамды өлтірді
Израильдік журналист, жазушы өзінің зерттеулері негізінде сионистік режимнің тыңшылық ұйымы Моссадтың осы уақытқа дейін кемінде 3000 адамды өлтіргенін әшкере етті.
ИРНА-ның хабарлауы бойынша, германиялық Deer Spiegel газеті сенбі күні израильдік тілші Ронен Бергманның зерттеулеріне сілтеме жасап: «Зерттеу нәтижелері кемінде 3000 адамның Моссад тарапынан өлтірілгенін көрсетті. Олардың арасында қастандықтың нысанасына ілінген адамдармен қатар операциялар кезінде сол жердегі бейкүнә адамдар да болған» деп жазды.
Аталмыш газеттің жазуы бойынша, Палестинаның екінші интифазасында әдетте Палестинаның исламдық қарсыласу қозғалысының (ХАМАС) мүшелерінен төрт-бес адамды өлтіруге үкім шығарылатын күндер болған.
Моссадтың басшысы Йоси Коэн жуырда осы тыңшылық ұйымының жыл сайын мыңдаған операцияларды орындайтынын, олардың кейбіреуінің шиеленісті, әрі әртүрлі елдердің орталықтарында жүзеге асырылатынын мойындаған болатын.
Сионистік режимнің тыңшылық ұйымы соңғы отыз жылда палестиналық және араб елдерінің 16 жетекшісін әлемнің 11 елінде өткізген 14 операцияда өлтірді. Сонымен қатар Иранның ядролық саладағы ғалымдарын да өлтіруде рөл атқарды.