Джабери Ансари мен Путиннің Сирия істері жөніндегі өкілі Сочиде кездесті
(last modified Sun, 21 Jan 2018 08:30:31 GMT )
Қаң 21, 2018 14:30 Asia/Almaty
  • Джабери Ансари мен Путиннің Сирия істері жөніндегі өкілі Сочиде кездесті

Иран Сыртқы Істер Министрінің орынбасары мен Ресей президентінің Сирия істері бойынша арнайы өкілі Сочиде кездесіп, сұхбаттасты.

ИСНА агенттігінің сенбі күнгі хабарлауы бойынша Иран СІМ-нің орынбасары әрі Астана келіссөздері үдерісіндегі Иранның келісімгер тобының басшысы Хосейн Джабери Ансари мен Ресейдің Сирия істері жөніндегі арнайы өкілі Александр Лаврентьев қаңтар айының  29-30 күндері Сочиде өтетін Сирия ұлттық сұхбаттары конгресін өткізу және оның бағдарламаларын жүзеге асыру туралы пікір алмасты.

Джабери Ансари мен Лавреньтев сонымен қатар Сочиде  өтетін Астана келіссөздері үдерісіне кепіл Иран мен Ресей және Түркияның үш жақты отырысы үшін соңғы үйлесімділік жұмыстарын аяқтады.