Лавров: Украинадағы үкіметті ауыстыру тарихы – Еуропа үшін абыройсыздық
(last modified Mon, 22 Jan 2018 08:46:58 GMT )
Қаң 22, 2018 14:46 Asia/Almaty
  • Лавров: Украинадағы үкіметті ауыстыру тарихы – Еуропа үшін абыройсыздық

Ресей Сыртқы істер министрі: "Украинада 2014 жылы орын алған төңкеріс Еуропа одағы үшін абыройсыздық саналады",- деді.

"Коммерсантъ" газетінің интернет торабының мәліметі бойынша, Сергей Лавров: "Батыс елдерінің халықаралық заңдарға сатқындық жасауы Украина тарихының бір бөлігі саналады. Себебі, Еуропа одағына мүше жетекші мемлекеттердің СІМ-лері өздері қол қойған келісімді бұзды. Еуропа одағы сол төңкерістен кейін Ресейді Украинаға қатысты басқа ешбір іс жасай алмай, келісімді бұзуға мәжбүр болғанына сендіруге талпыныс жасады",- деп мәлімдеді.

Лавров «келісім» деп 2014 жылы ақпанның жиырма бірі күні Украинаның бұрынғы президенті Виктор Януковичке қарсы батысшылдар төңкерісінен бір түн бұрын Лавров пен осы ел үкіметінің оппозициясы басшылары арасында қол қойылған,  Германия, Франция мен Польша СІМ-лері растап, қол қойған хатқа меңзеді.