Беларусь Ираннан мұнай сатып алуға қызығушылық танытты
https://itolqyn.com/news/world-i34153-Беларусь_Ираннан_мұнай_сатып_алуға_қызығушылық_танытты
ИИР Мұнай министрі Беларусьтың Ираннан мұнай сатып алуға қызығушылық танытқанын хабарлап, Минск бұдан бұрын Ираннан 2 млн баррель шикі мұнай сатып алғанын хабарлағанын айтты.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қаң 23, 2018 21:14 Asia/Almaty
  • Беларусь Ираннан мұнай сатып алуға қызығушылық танытты

ИИР Мұнай министрі Беларусьтың Ираннан мұнай сатып алуға қызығушылық танытқанын хабарлап, Минск бұдан бұрын Ираннан 2 млн баррель шикі мұнай сатып алғанын хабарлағанын айтты.

Бижан Зангане Теһранда Беларусьтың Өнеркәсіп министрі Виталий Вовкпен кездескеннен кейін: "Беларусь Иранмен мұнай сатып алу туралы келіссөз жүргізіп жатыр",-деді.

ИИР-ның Мұнай министрі Теһранның Беларусьпен энергетика саласында қарым-қатынасты кеңейтуге мүдделі екенін айтып, Беларусь делегациясының Теһранға сапарының сәтті болатындығына үміт білдірді.