Трамп Ресейдің араласушылығы туралы іске куәлік етуге әзірлігін жариялады
АҚШ Президенті сәрсенбі күні «Ресейдің АҚШ-тағы сайлауға араласқаны туралы істің арнайы тергеушісімен сұхбаттасып, осыған қатысты ант беруге дайын екенін мәлімдеді.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Ресей үкіметімен сөз байласты деп айыпталған Дональд Трамп: «Алдағы 2-3 аптаның ішінде Ресейдің АҚШ-та 2016 жылы өткен сайлауға араласқаны туралы істің арнайы тергеушісі Роберт Мюллермен сұхбаттасып, осы іс бойынша куәлік беремін»,-деді.
Ресейдің АҚШ-тағы президенттік сайлауға араласқаны туралы уәждер Трамп пен оның демократ бақталасы Хиллари Клинтонның сайлау бәсекелесі барысында және содан кейін көптеген дау-дамай тудырды.
Ресей әртүрлі барлау ұйымдары және АҚШ-тың Демократиялық партиясы тарапынан осы елде 2016 жылы өткен сайлауға араласып, Трамқа қолдау көрсетті деп айыпталды.
Мәскеу өзінің АҚШ-тың президенттік сайлауына араласқанын сан рет теріске шығарды.