Путин Ресейде мешіттердің санының артуын қолдады
(last modified Thu, 25 Jan 2018 10:18:14 GMT )
Қаң 25, 2018 16:18 Asia/Almaty
  • Путин Ресейде мешіттердің санының артуын қолдады

РФ Президенті сәрсенбі күні кешке осы елдің Башқұртстан республикасында мешіттердің санының артуын қолдады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Владимир Путин Башқұртстан республикасының астанасы Уфа қаласында Ресейдің бас мүфтиі Талғат Таджуддинмен кездесуінде 2000 жылы бұл республикада тек 16 мешіт болғанын, қазір мұндағы мешіттер санының 1200-ге жеткенін айтып, оны «қуанарлық үдеріс» деп атап: «Башқұртстан республикасында мешіттер санының артуы Ресейде исламның тарала түскенін білдіреді»,-деді.

Владимир Путин мен Талғат Таджуддин Ресей бас мүфтиінің резиденциясында өткен кездесуде исламның Ресейге еніп, таралу тарихы жайлы сұхбаттасты.

Путин, сондай-ақ, Башқұртстан республикасының астанасы Уфаның Орталық мешітіне барды.

Башқұртстан республикасы – Ресейдің мұсылмандар тұратын аймақтарының бірі. Бұл елдің 146 млн халқының 20 млн-нан астамын мұсылмандар құрайды.