Украина – қатерлі геосаяси сынақтың құрбаны
(last modified Fri, 26 Jan 2018 13:29:04 GMT )
Қаң 26, 2018 19:29 Asia/Almaty
  • Украина – қатерлі геосаяси сынақтың құрбаны

Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Украинаны Батыс елдерінің қатерлі геосаяси сынағының құрбаны деп атап, Киевтегі соғысқұмарлардың елдегі дағдарысты әскери жолмен шешуді талап етіп, Минск келісімдерін жоюға күш салып жатқанын айтты.

Ресей Сыртқы істер министрінің Украинадағы соңғы қатерлі өзгерістер туралы ескертуі Киевтегі соғысқұмарлардың жуырдағы әрекеттерін назарға алғанда мағынаға ие болады. Бұл өзгеріс Украинаның шығысындағы дағдарысқа тікелей әсер ететін болады. Шын мәнінде, «Минск-2» келісімінің кейбір баптарының орындалмауынан туындаған Украинаның шығысындағы қазіргі тығырық Киевтегі Ресейге қарсы әсірешілдердің елдің шығысындағы дағдарысты әскери жолмен шешуге жағдайды қолайлы деп табуына себеп болды. Батыстықтар, яғни Еуропа Одағы мен АҚШ Украинаның батысшыл үкіметін жан-жақты қолдап, оның жобалары мен шараларының орындалуына дем беріп отыр. Ресейлік сарапшы Ольга Уликердің пайымдауынша, Ресей мен АҚШ-тың Украинадағы мақсаттары сәйкеспейді. Осы жағдайды ескеріп, Лавров Украинаның қазір батыстықтардың геосаяси мақсаттары үшін сынақ алаңына айналғанын ескертті. Мәскеудің көзқарасы бойынша, Батыстың мақсаты Ресейдің жақын жатқан елдерге, әсіресе батыстағы көршілес елдеріне ықпалын мейлінше азайту болып табылады. Украина ресейліктер үшін де,  батыстықтар үшін де Ресей мен Батыс текетіресіндегі түпкілікті жүлдегерді анықтаудағы шешуші элемент  саналады. Қазір Ресей мен Батыс Украинаның шығысындағы өздерінің жалдамалылары арқылы бір-бірімен бетпе-бет келіп отыр. Мәскеудің көзқарасы бойынша, Украина дағдарысын шешудің жалғыз жолы – БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі бекіткен «Минск-2» келісімін толық орындау. Украинаның соғысқұмарлары бұл келісімнің жойылуын талап етіп отыр. Осыған орай, Лавровтың айтуынша,  олар Украинаның шығысындағы Донецк пен Луганск аймақтарын толық қоршауға алып, жуырда Украина Парламентінде заң бекіту арқылы осы елдің шығысында ауқымдырақ әскери амалдар жасауға жол ашып алды. 18 қаңтарда Украина Радасында бекітілген бұл заңда Ресейдің Украинаға жасаған қарулы шабуылы айыпталып, осы елдің шығысындағы өзін республика деп жариялаған Донецк мен Луганск аймақтары «уақытша басып алынған жерлер» деп сипатталған. Бұл заңның бекітілуі Минск келісімдеріне назар аудармай, Украинаның шығысындағы дағдарысты саяси жолмен шешуді шетке қоюға рұқсат береді. Бұл осы аймақта соғыстың туындау ықтималын қатты арттырады. Ресейліктердің көзқарасы бойынша,  Украинадағы батысшылдар мен Батыс елдерінің түпкі мақсаты – Украинаға толық үстемдік ету. Ресейліктер Киевтің қазіргі үкіметін сырттан жоспарланған бір төңкерістің салдарынан билікті қолына алған итаршы үкімет санайды. Ресейдің саяси сарапшысы Семен Ураловтың айтуынша, Украинаны басқарып отырған олигархтардың негізгі экономикалық идеясы шетелден көмек алып, оны жұмсау болып табылады. Сол себепті ресейліктер олармен келіссөз жүргізудің орнына  Киевтің батыс демеушілерімен келісімге келуді көздеп отыр.