АҚШ-та ирандық жас жігіттің өлтірілуіне қатысты наразылық шеруі өтті
(last modified Tue, 30 Jan 2018 08:57:55 GMT )
Қаң 30, 2018 14:57 Asia/Almaty
  •  АҚШ-та ирандық жас жігіттің өлтірілуіне қатысты наразылық шеруі өтті

АҚШ-та тұратын жүздеген ирандық бір ирандық жас жігіттің өлтірілуіне наразылық білдіріп, Вашингтонда шеру өткізді.

ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, АҚШ-тың астанасы Вашингтон мен оның айналасында тұратын ирандық шерушілер Бижан Ғейсардың жанұясының шақыруымен жиналып, АҚШ үкіметінен полицияның әділетсіздігі туралы істі Федералдық полиция басқармасына (FBI) жіберіп, бұл істің ең жоғары деңгейде тексерілуін талап етті.

АҚШ полициясы соңғы күндері  ирандық-америкалық азамат Бижан Ғейсарға қарсы жасалған қатігездік жайлы бейнетаспаны жариялады.

АҚШ-тың ақпарат құралдары 2017 жылдың қараша айында осы ел полициясының қарусыз Бижан Ғейсарды атып өлтіргенін хабарлады.

Ирандық Бижан Ғейсар Вирджиния университетінің түлегі болған.

АҚШ полициясы Ғейсардың көлігінің бір жол-көлік оқиғасына қатысты қудаланғанын, оның тоқтамағанына байланысты полицияның оғына ұшқанын айтты.