Трамп пен жақтастарының деректері тек Иранның дәрменсіз көршісі мен оның одақтастарын қанағаттандырады
Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф дүйсенбі күні АҚШ-тың Иранға қарсы сөздеріне реакция білдіріп, "Твиттердегі" парақшасында: "Трамп пен жақтастары соғысып жатқан көршілес бір мемлекет ұсынған шындыққа жанаспайтын мәліметтерін пайдаланып, жалған хабар таратып, Қауіпсіздік кеңесінде Ираннан қорқытатын кеңістік қалыптастыруды көздеуде. Бірақ олардың істері тек Иранның дәрменсіз көршісі мен оның одақтастарын қанағаттандырады",- деп жазды.
АҚШ Президенті Дональд Трамп БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесіне мүше елдердің өкілдерімен өткізген түскі ас кезінде ИИР-н аймақты тұрақсыздандыратын әрекеттер жасаумен айыптап: "Иран Йеменге қару жібереді",- деген уәж айтты. Түскі ас БҰҰ-ындағы АҚШ-тың тұрақты өкілі Никки Хейлидің ұйымдастыруымен өтті.
Хейли астан бұрын БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне мүше елдердің өкілдерінің алдында темір бөлшектерді көрсетіп, оларды ирандық зымырандардың бөлектері деген уәж айтып, Иранға қарсы теріс үгіт-насихатын жүргізді.
Бұл уәждер БҰҰ-ның баспасөз хатшысының орынбасары Фархан Хақ өткен жылдың желтоқсан айының 14 күні, БҰҰ Бас хатшысының орынбасары Джеффри Фелтман желтоқсанның 19 күні Вашингтонның бұл уәждерін теріске шығарған жағдайда қайталануда.