Нетаньяху Ресей сапарында Иранға қарсы айыптауларын қайталады
Сионистік режимнің премьер-министрі Бениямин Нетаньяху Ресей Президенті Владимир Путинмен Мәскеудегі кездесуінде Иранды "аймақта әскери құзырын арттыруда" деп айыптады.
"Associated Press"-тің Мәскеуден хабарлауы бойынша, Нетаньяху дүйсенбі күні кешке Путнмен кездесуінде "Иран аймақтағы әскери құзырын арттыруда. Иран Ливан мен Сирияны Израильге қарсы үлкен зымырандық базаға айналдырды",- деді.
Сионистік режимнің премьер-министрі Путинмен кездесуден бұрын Иранға қарсы сөздерінде Иранның аймақтағы, әсіресе Сирия мен Ливандағы ықпалының артуына алаңдаушылық білдіріп: "Бұл үдеріс жалғасатын болса, Израиль барлық жағдайға дайын",- деді.
Израиль режимнің премьер-министрі бұл режимнің палестиналықтарға, Ливан мен Сирияға қарсы қоқан-лоққыларына, сондай-ақ, сионистердің өткен бірнеше жылдағы Сириядағы ДАИШ лаңкестеріне қолдау көрсеткеніне тоқталмай, Иранды Таяу Шығыс аймағын тынышсыздықтарға тіреуге талпыныс жасады деп айыптады.