Италияның оңтүстігіндегі сулардан 1500- ден астам босқын құтқарылды
Италияның жағалау гвардиясының күштері осы елдің оңтүстігіндегі сулардан 1500- ден астам босқынның құтқарылғанын хабарлады.
Италияның жағалау гвардиясының күштері Италия мен Ливия жағалауларының теңіз шекарасы болып саналатын Сицилия каналының суларында өткізген 11 құтқару амалында 1569 босқынның құтқарылғанын хабарлады. Италияның жағалау гвардиясының күштері жексенбі күні де Сицилия каналының суларында 730 босқынды құтқарды.
Италияның жағалау гвардиясының күштері «Қауіпсіз теңіз» атты іс- қимылдар шеңберінде 2015 жылы осы елдің оңтүстігінде 23 мыңнан астам босқынды құтқарды.
Италия суларында босқындар санының артуы осы елдің қайраткерлерін алаңдатып отыр, өйткені ауа-райының қолайлы болуы мен Балқан жолының жабылуына байланысты Италия болашақта Ливиядан келетін босқындар легінің артуына куә болуы ықтимал.
БҰҰ- ның Босқындар ісі жөніндегі жоғары комиссарының статистикалық мәліметі бойынша, 2016 жылдың басынан осы уақытқа дейін шамамен 17500 босқын Италияға кірген.