Исмаил Ханияның есімін АҚШ-тың лаңкестер тізіміне қосу айыпталды
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Палестина интифазасын қолдау халықаралық конференциясының тұрақты хатшылығы АҚШ-тың ХАМАС қозғалысы саяси кеңсесінің басшысы Исмаил Ханияны лаңкестер тізіміне қосқанын айыптады.
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Палестина интифазасын қолдау халықаралық конференциясының тұрақты хатшылығы сенбі күні бір мәлімдемеде: "АҚШ-тың лаңкестер тізімі шын мәнінде бұл елдің антигуманистік әрі айуандық саясаттарына қарсылардың, сионистердің басқыншылығына және олардың қылымыстарына қарсы күресетіндердің тізімі болып табылады.
АҚШ басшыларының адам құқығына қарсы шешімі – Палестинаның қарсыласу қозғалысына қарсы жасалған сәтсіз талпыныстардың бірі. Бұл Американың сионистік режимге қаншалықты жақтасатынын және онымен сыбайласып, Палестина халқының құқығын аяқ асты етіп отырғанын көрсетеді. АҚШ-тың құнсыз ісі – Бейт ул-Мұқаддасты сионистік режимнің астанасы деп жариялағаннан кейін Палестина халқына қарсы жасалып отырған екіжүзді әрі зұлым қатынас. Бұл істің қарсыласу қозғалысына еш әсер етпейтінімен қатар, сионистік режимнің шынайы лаңкес бейнесін әшкерелей түсіп, қарсыласу қозғалысы басшыларының жалған Израиль режиміне қарсы ерік-жігерін күшейте түседі",-деп жазылды.