Ресей: АҚШ пен НАТО лаңкестерді Ауғанстанға тасымалдауға қатысып жатыр
Ақп 09, 2018 20:56 Asia/Almaty
Ресей Президентінің Ауғанстан істері жөніндегі арнайы өкілі бейсенбі күні: "АҚШ пен НАТО-ның ДАИШ лаңкестерін Ирак пен Сириядан Ауғанстанға тасымалдауға қатысып жатқанын дәлелдейтін айғақтар бар",-деп хабарлады.
ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Замир Кабулов АҚШ пен НАТО-ның Ауғанстанның әуе кеңістігін толығымен басып алғанын айтып, лаңкестердің көбінесе тікұшақ арқылы Ауғанстанға тасымалданатынын мәлімдеді.
ИИР Қорғаныс министрі бригада генералы Амир Хатами Ауғанстанның Қорғаныс министрі Тарак Шах Бахрамимен телефон арқылы сұхбатында: "АҚШ ДАИШ лаңкестік тобын Сирия мен Ирактағы майданнан Ауғанстанға тасымалдауды көздеп отыр",-деген болатын.
Тегтер