Тәжікстанда экстремизмнің күшеюіне қатысты алаңдаушылықтар артты
(last modified Thu, 31 Mar 2016 11:19:05 GMT )
Нау 31, 2016 17:19 Asia/Almaty
  • Тәжікстанда экстремизмнің күшеюіне қатысты алаңдаушылықтар артты

ДАИШ лаңкестік тобы әлемнің әртүрлі жерінде, әсіресе Сирияда үсті-үстіне жеңіліс тауып жатқаннан кейін Орта Азия мен Кавказ үкіметтері өз елдерінде вахаббилік жұмыстардың таралуына алаңдаушылығы артып отыр. Осы салада өткен айлар барысында Орта Азияның барлық елдері, әсіресе Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан мен Тәжікстан, сондай-ақ, Әзірбайжан Республикасы мен Грузияның басшылары осы мәселеге алаңдайтындықтарын білдірді.

Жақында Тәжікстан астанасының әкімі Мұхаммадсаид Абидуллаев елде кейбір қауіпсіздік амалдарының басталуымен бір мезгілде барлық мешіттерде бейнекамералардың орнатылуына бұйрық берді. «Fars» ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Душанбе қаласының әкімі Мұхаммадсаид Абидуллаев кез-келген лаңкестік әрекетпен күресу мақсатында қаланың барлық мешіттерінде бақылау бейнекамералары мен металлды анықтайтын аппараттардың орнатылуына бұйрық берді. Осы мәлімет бойынша, бұл шараның мақсаты сепаратистік әрекеттердің алдын алу және намазхандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету деп жарияланды.

Өткен бірнеше жыл барысында Душанбедегі мешіттердің кіреберіс есіктерінің қасында намазхандарды тексеру үшін полиция қызметкерлері тұратын, бірақ олардың саны өткен айлар барысында одан ары көбейді. Тәжікстанның полиция қызметкерлері, сондай-ақ, жасы 18-ге толмаған жеткіншектердің мешіттерге кіруіне тосқауыл қояды.

Тәжікстан мәселелерін сараптаушылардың көбінің пікірі бойынша, Душанбе үкіметінің діни істер жөніндегі қатаң әрекеттері салдарынан өткен бірнеше жылда осы елдің көптеген жастары әсірешіл топтарға қосылған. Тәжікстан үкіметі қайраткерлерінің айтуынша, қазіргі таңда осы елдің мыңнан астам азаматы ДАИШ лаңкестік тобына қосылған.

Бұған қатысты Тәжікстанның Бас прокуроры Душанбеде басылып шығатын бір газетке берген сұхбатында салафиттердің мақсаты – экстремизмді тарату деп хабарлады. «Fars» ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Юсеф Рахмон Душанбеде басылып шығатын «Джумхурият» газетіне берген сұхбатында: «Шетелдердегі, соның ішінде Сирия мен Ирактағы қарулы қақтығыстарға қатысып жатқан Тәжікстан азаматтарының 85 пайызы – Ресейге жұмыс іздей барған мигранттар. Олар салафиттер арқылы әсірешіл топтарға қосылған»,-деді.

Қазіргі таңда Сирия мен Ирактағы ДАИШ-тың құрамында мыңға жуық Тәжікстан азаматы бар. Олардың көбі салафиттік ағымды ұстанады. Тәжікстан Бас прокурорының айтуынша, әсірешілдікке шақыру – салафиттердің ең негізгі мақсаттарының бірі. Бұған қатаң қатынас көрсету қажет.

Тәжікстан Президенті Имомали Рахмон да жуырда тәжік жастарының әсірешіл топтарға бет бұрғанына алаңдаушылық білдіре келіп, осы елдің қайраткерлерінен аталмыш мәселеге қатысты бейжай қалмай, қатерлі әсірешіл әрекеттерге қарсы талпыныс пен күресті күшейтуді талап етті. Имомали Рахмон Тәжікстанның Соғд облысының қайраткерлерімен кездесуінде жастардың, әсіресе осы облыс жастарының әсірешіл топтарға бет бұрып, қосылуына алаңдаушылық білдіріп, қайраткерлер мен белсенділердің осы саладағы талпыныстарын жеткіліксіз деп атап, осы қатерлі әрекеттерге қарсы жоспарлы түрде талпыныс жасауды сұрады.

ДАИШ лаңкестік тобының вахаббилік ағымның бір тармағы екендігі және Сауд Арабиясы корольдігіне бағынышты вахаббилердің Орта Азия мен Кавказ елдерінде күш жинаумен айналысатындығы анықталғанына қарамастан, бұл елдердің үкіметтері, соның ішінде Тәжікстанның үкіметі вахаббилік жұмыстарға аса көп тосқауыл қоймай отыр.