Халықаралық Кешірім ұйымы: Түркия сириялық босқындарды заңсыз түрде елдеріне қайтарады
https://itolqyn.com/news/world-i3475-Халықаралық_Кешірім_ұйымы_Түркия_сириялық_босқындарды_заңсыз_түрде_елдеріне_қайтарады
Халықаралық Кешірім ұйымы жұма күні: «Түркия өткен бірнеше айда мыңдаған сириялық босқынды заңсыз түрде елдеріне қайтарды»,-деп хабарлады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Сәу 01, 2016 15:09 Asia/Almaty
  • Халықаралық Кешірім ұйымы: Түркия сириялық босқындарды заңсыз түрде елдеріне қайтарады

Халықаралық Кешірім ұйымы жұма күні: «Түркия өткен бірнеше айда мыңдаған сириялық босқынды заңсыз түрде елдеріне қайтарды»,-деп хабарлады.

Түркия осы айда қаржылай көмек алу, Түркия азаматтарына тезірек виза беру және Түркияның Еуроодаққа қосылу келіссөздері үдерісінің тездетілу шартымен Еуроодақпен Грекияға заңсыз түрде кіретін барлық босқындарды қайтаруға келісті. Бірақ келісімнің заңдылығы Түркияның босқындар үшін сенімді әрі қауіпсіз жер болуына байланысты болғанымен жағдай бұлай болмай отыр.

Халықаралық Кешірім ұйымы: «Өткен 7-9 айдың ішінде бірнеше мың босқын Сирияға қайтарылды. Бұл халықаралық заңдар мен Түркия-Еуроодақ келісімін бұзу болып табылады»,-деп хабарлады.

Халықаралық кешірім ұйымының Еуропа және Орта Азия бөлімінің басшысы Джон Далхьюзен: «Еуроодақтың басшылары өз шекараларын жапқанда мына қарапайым шындықты назарға алмады: Түркия сириялық босқындар үшін қауіпсіз жер емес»,-деді.

Түркияның Сыртқы істер министрлігі сириялық босқындардың өз қалауларына қайшы Сирияға қайтарылғандығы туралы мәселені теріске шығарды.