Трамп Пентагонның ядролық қаруларын жаңартуға 24 млрд доллар қаражат бөлуді сұрады
(last modified Tue, 13 Feb 2018 15:03:43 GMT )
Ақп 13, 2018 21:03 Asia/Almaty
  • Трамп Пентагонның ядролық қаруларын жаңартуға 24 млрд доллар қаражат бөлуді сұрады

АҚШ Президентінің 2019 жылға арналған бюджетте осы елдің әскери ядролық бағдарламасының үш бөлімін жаңарту үшін 24 млрд доллар бөлуді сұрады.

Трамп үкіметі жоспарлаған бюджет қаулысында 24 млрд доллар АҚШ-тың құрлық, теңіз бен әуедегі ядролық бағдарламасының үш бөлімін жаңарту және сақтау, ядролық байланыс жүйелерін басқару мен бақылауға бөлінген.

Бұл құжат, сондай-ақ, АҚШ армиясының зымырандық қорғаныс бағдарламасын дамытуға бағытталған жоспарларының бір бөлігі ретінде жол кесетін 20 зымыранды қамтамасыз етуді көздеп отырғанын көрсетеді.

Пентагонның ядролық қаруларын жаңартуға 24 млрд доллар қаражат бөлуді сұрауы Трамп үкіметінің ядролық доктринасы шамамен 10 күн бұрын жарияланып, ауқымды түрде сынға ұшыраған жағдайда орын алып отыр.

АҚШ-тың жаңа доктринасы Трампқа тек ядролық шабуыл қаупіне ұшыраған кезде ғана емес, тіпті кибернетикалық шабуылдарға жауап ретінде ядролық қаруларды пайдалануға рұқсат берді.

Бұл құжат, сондай-ақ, АҚШ Қорғаныс министрлігін соғыстарда пайдалануға болатын шағын атом бомбаларын жасауға міндеттеді.