Рухани Путинге Ресейдің жолаушы тасымалдайтын ұшағының апатына байланысты көңіл айтты
Ақп 14, 2018 19:03 Asia/Almaty
ИИР Президенті өз жолдауында Ресейдің жолаушы тасымалдайтын ұшағының апатына байланысты елдің президенті Владимир Путин мен құрбандардың отбасыларына көңіл айтты.
ИИР Президенті Хасан Рухани сейсенбі күнгі өз жолдауында Ресей Президенті Владимир Путин мен апатта қаза болған адамдардың отбасыларына көңіл айтып, Ресей үкіметі мен халқына саулық, табыс пен өркендеу тіледі.
Өткен жексенбі күні Мәскеудің Домодедово әуежайынан АН-148 ұшағы апатқа ұшырап, 65 жолаушы мен 6 экипаж мүшесі түгел қаза болды. Бұл ұшақ Саратов әуежолдары компаниясының ұшағы болды.
Тегтер